\»Азамат\» оқу орталығы

411

0

      «Zhasproject» жобасы аймақта жаңа кәсіпкерлік нысандарының көбеюіне жол ашты. Айталық, қазір осы жоба аясында «Азамат» оқу орталығы жұмыс жасауда. Мақсаты – аз қамтылған отбасы тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын арттыру. Бүгінгі таңда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе отырып фото түсірілім курсы бойынша жалпы саны 50 жастың 25-і толық курсты аяқтап, сертификаттар иеленді.

    Жеңімпаз топ бұрыннан аз камтылған азаматтарға компьютерлік қызметтерді тегін көрсетуді арман еткен. «Zhasproject» жобасы аясында армандарын мақсатқа, ал мақсатты шын тәжірибиеге айналдыра білді. Оқу орталығы жастардың компьютерге қол жетімділігін және техникалық сауаттылығын арттыру, компьютерді дұрыс пайдалануды үйрету үшін жоба арқылы 2 дербес компьютер мен 3/1 соңғы үлгідегі принтер, фотоаппарат  және арнайы жүйелік бағдарламаларды қолдануда.

   — Бұл жоба біз үшін сәтті бастама болды. Жоба турасында орталығымыз аз қамтылған қала тұрғындарына  200-ден астам компьютерлік қызметті тегін ұсынатын болады.  Жоба аяқталған жағдайда біз озіміздің жеке сервистік қызмет корсету орталығымызды одан әрі үлкейтіп, жеке кәсіп ретінде кем дегенде бірнеше адамды жұмыспен қамтып, үлкен ұжымға айналдырамыз деп жоспарлануда,- дейді топ лидері Азамат Абдрайхан.

        

        

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<