Азаматтардың өтініштері қалай қаралады?

853

0

Фото: ашық дереккөз

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың өз тәртібі бар. ҚР-ның Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі 2021 жылы 1 шілдеде қабылданған. Аталған кодекс азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Бұл кодекстегі жаңа ұғымдардың бірі – жолданым. Яғни, әкімшілік рәсім түрлері – әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс, бейнежолданым нысанында жіберілген арыз немесе шағым. Оңайлатылған әкімшілік рәсім-сұрау салу, ұсыныс, үн қосу, хабар.

Азаматтардың өтініштері келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні, шағымды қарау мерзімі – 20 (жиырма жұмыс) күні. Ал оңайлатылған әкімшілік рәсім мерзімдері 10 (он жұмыс) күнді құрайды. Әкімшілік акт түрлері қолайлы әкімшілік акт-тұлғаның құқығын іске асыру немесе оған жүктелген міндетті тоқтату, сондай-ақ оның жағдайын өзгешетүрде жақсарту.

Ауыртпалық салатын әкімшілік акт – тұлғаның құқығын шектеу, іске асырудан бас тарту, шектейтін, немесе оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт. Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдерге қатысушыларды тыңдау кепілдігі берілген.

Әкімшілік рәсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда әкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді және әкімшілік іске қатысушыға тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Тыңдау хаттамасымен танысқаннан кейін арыз иесі немесе мүдделі тұлға 3 (үш) жұмыс күн ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы. Лауазымды адам қанағаттандыру, толық не ішінара қабылдамау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

 Мемлекеттік органға жүгінген әрбір өтініш иесімен кодекстің 63-бабында көрсетілгендей, келесі талаптар қамтылу қажет;

 – Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

 – Жеке сәйкестендіру нөмірі

 – Жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы

 – Пошталық мекен-жайы немесе заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

 – Жолданымның мәні

 – Жолданымның берілген күні

 – Арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы.

Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін электронды цифрлық қолтаңбалы кілтін пайдалана отырып өз өтініштерін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы қалдыруға және мемлекеттік органға келіп түскеннен бастап орындалу дәрежесінің тізбесімен танысуға мүмкіндігі бар.

Эльмира АҚЫЛБЕКҚЫЗЫ,

Әділет департаментінің әкімшілік-құқық

бөлімінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<