Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау барысы талқыланды

339

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау барысы және 2023 жылғы өтініштермен жұмыс қорытындылары жөнінде семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте аудандық дербес бөлімдердің, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының «е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауға тікелей жауапты мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында атқарылуы тиіс шаралар туралы талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, жауапты мамандарға «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдарға түскен өтініштердің мерзімінде тіркелуін, сапалы орындалуын және уақытында жауап берілу жұмыстарын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<