Азаматтық хал актілерін кез келген аймақта тіркеуге болады

308

0

Азаматтық хал актілерін кез келген аймақта тіркеуге болады Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез-келген жерде ала алады. Бұл туралы заңға енгізілген түзетулер Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Жаңашылдық баланың тууына, некені тіркеу мен ажырасуға, аты-жөні мен тегін өзгертуге, қайтыс болу құжаттарын тіркеу сияқты қызметтерді қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар аталған мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғылықты тіркеу орны немесе тіркеу жазбасының орналасқан жері бойынша мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне немесе АХАТ бөліміне хабарласатын. Енді азаматтық хал актілеріне қатысты 5 түрлі қызметті кез-келген ХҚКО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керекті құжаттарды аз уақыт ішінде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Бұрын құжаттарды рәсімдеп алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейін жауап күтетін, бұл қызмет алушылар үшін қолайсыздық пен қосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бір аймақта тегін өзгерту туралы өтініш білдірсе, мемлекеттік орган өзге аймақтан – оның туған жерінен қосымша мәліметтерді сұрататын. Тиісінше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердің 70 мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкімшілік кедергілерді жояды және қызметтерді алу процесін жеңілдетеді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<