Қазақстандағы үздік әлеуметтік жобалар анықталды

339

0

Бүгін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды иелегенген жеңімпаздар «Белсенді ұзақ ғұмыр – Қазақстан таңдауы» жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған байқауда бірінші орынды жеңіп алған «Белсенді ұзақ ғұмыр – Қазақстан таңдауы» жобасының авторы «Ардагер» ҚБ болып табылады. 1998 жылы құрылған бұл бірлестік 57-80 жас аралығындағы қарттарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді, сондай-ақ қариялардың шешілмеген проблемаларна қоғам назарын аудару бойынша жұмыстар жүргізеді.

«Менің ойымша, қарт адамдарға арналған орталық құру және дамыту жөніндегі жоба өте қызықты. Біз зейнеткерлерге тиісті деңгейде көңіл бөлмейміз. Ал мына жоба қарттарға арналған би секцияларын өткізу, оларға медициналық қызмет көрсету бойынша күнделікті еңбек», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағамсының орынбасары Владислав Сергеев.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде басталған байқау қалалық әкімдік және бизнес-қауымдастықтардың қолдауымен «НұрОтан» партиясы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ұйымдастырылып отыр. Үш айдың ішінде 21 жоба комиссия қарауына ұсынылған.

«Бұл қоғамдық бірлестіктермен ұсынылған жобалар. Олардың мән-маңыздылығы өте тереңде жатыр. Яғни, біз бір немесе он күн ғана өтетін бірреттік шаралардан алыстадық. Жобалардың басым бөлігінің мақсатты аудиторияларға, яғни қарттарға, мүгедектерге қатысты маңыздылығы өте жоғары. Жыл сайын қарқын артып келеді. Осы жылы үздік әлеуметтік жобалар байқауын Астанада және бүкіл республика бойынша «НұрОтан» аясында өткізіп отырмыз. Ұсынылған жобалар саны да артып отыр. Егер, былтыр жобалар саны 7-8 ғана болса, биыл – 21. Келесі жылы 40, тіпті 50 жетеді деп үміттенеміз», – деді Владислав Сергеев.

Аталған байқауда екінші орынды тапсырыс бойынша жиһаз және үйге қажетті мүліктерді дайындайтын әлеуметтік шеберхана. Кәсіпорында жұмыс жасайтын 40 адамның 24 әлеуметтік әлсіз отбасынан шыққан азаматтар. Ал үшінші орынды «Олимпионник әлеуметтік қоры» ҚҚ иеленді. Жоба «Біздің ауланың чемпиондары» деп аталады. Бұл қор 2013 жылы балалар арасында спортты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында құрылған. 2016 жылы аталған қор «Юниорлардың аула лигасы» жобасы жүзеге асырылған. Оның аясында Астана аулаларындағы балалар командалары арасында мини футболдан турнир жүргізілуде. Жоба жүзеге асырылған уақыттан бері турнирге 30 астам команда қатысқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<