«Біз қазақстандық жастарды тіл үйренуге ынталандырғымыз келеді. Жаңа бағдарламаның арқасында 100 қазақстандық жас Францияда оқуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы қалалық және облыстық билік өкілдерімен сөйлескенде айттым. Біз қаланың алдыңғы қатарлы мектептерінде тіл курстарын ашуға келістік», – деді елші Өскеменге жұмыс сапарымен барған кезде.
Филипп Мартинэнің айтуынша, биылдан бастап, еліміз бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептер желісімен арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Бағдарлама аясында қазақстандық оқушылар Францияға барып, ондағы жоғары оқу орнына түсу үшін жеделдетілген дайындық курстарында оқи алады.
«Осы жылы қос ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың 10 жылдығын атап өтіп отырмыз. Біз Қазақстанмен байланымыз ұзаққа созылғанын қалаймыз. Мен қазақтандықтардың француз тіліне қызығушылығы бар екеніне 100% сенімдімін. Шетелдік студенттер саны бойынша Франция Ұлыбритания, Австралия, АҚШ-тан кейін кейінгі 4 орынды алады. Франицияның мемлеттік университтерінде жоғары білім алу тегін. Мемлекет өз азаматы мен шетелдік азаматтың білім алғаны үшін ақша төлейді», – деді ол.
Осы орайда елші Францияда алған білім сапалы екенін атап өтті.
«Біз берген білім жоғары нәтижесін береді. Мысалы, кішкентай Францияда математика бойынша Нобель сыйлығын алған лауреаттардың саны – 12, ал АҚШ-та – 13. Ал француз тілі – ғылым мен мәдениеттің тілі», – деп түйіндеді сөзін Филипп Мартинэ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<