«Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдық мерейтойында қос басылымның ардагерлері «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын иеленді.
Олар – «Сыр бойы» газетінде елу жылдан астам уақыт тер төккен ардагер журналист Қайырбек Мырзахметұлы мен «Кызылординские вести» газетінде тілшіліктен бастап, бас редактор қызметін атқарған Тимур Қасымов. Марапатты А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде басылым мерейтойына орай өткен шарада Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев табыстады.
Аға буын әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<