Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері «Адал жүрек» республикалық акциясының күзгі қайырымдылық марафонына қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары мен мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтына деген белсенділіктерін артырып, ізгілік пен адалдық ұғымын насихаттау және тұрмысы төмен отбасыларға, сырқат және жетім балаларға жәрдем көрсету болып табылады. Белгіленген меже бойынша
Сыр Ана монументінен жүгіріп өтіп, Евразия спорт кешенінен аяқталатын жеңіл атлетикалық марафонға ҚАЖ департаментіне қарасты мекеменің 20 қызметкері қатысты. «Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Адал жүрек» акциясына ҚАЖ департаментінің қызметкерлері де өз үлестерін қосып, өз еріктерімен қайырымдылық салым төледі. Осы шараға қатысу арқылы тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетудеміз. Бұл біздің парызымыз. Шын мұқтажға , арлы , адал кісіге қайырымдылық жасаудың сауабы мол.Жүгіру марафонына өзім де қатысуға келдім», – деді ҚАЖ департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы әділет капитаны Асылбек Ертай.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<