Неге бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызметінен босатылды? Бұл сұраққа бүгін Үкіметте жауап берілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында журналистер премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осындай сауал қойды.
«Жалпы, мұндай нәрсе жоқ, біз өмір бойы осында жұмыс істемейміз. Ажар Ғиниятқызы алдына қойған міндетін орындады. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет – бұл жүйенің қаржылық бөлігі (МӘМС – еск.)», – деді вице-премьер.
Еске салайық, бұған дейін желіде Ажар Ғиниятты отставкаға жіберу туралы петиция жарияланған еді. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі кеше қызметінен кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы болып Ақмарал Әлназарова тағайындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<