Азия чемпионаты өтпек

706

0

Фото: ашық дереккөз

Астана қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді.

«Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Балуандар 7-14 сәуір аралығында жүлделерді сарапқа салады», – деп мәлім етті ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.

Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар барлығы 307 медаль еншіледі. Олардың 81-і алтын, 85- күміс, 141-і қола. Бұл жөнінен медальдар кестесінде төртінші орында тұр. Алғашқы үштікте Иран, Жапония, Оңтүстік Корея құрамалары келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<