Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Самбо спортынан жастар арасындағы Азия чемпионы мен жүлдегерін қабылдады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 6-11 маусым күндері аралығында Астана қаласында жастар арасында өткен Спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында Рүстемова Әсемай 65 кг салмақ дәрежесінде Азияның чемпионы атанса, Сейлова Ұлтай 80 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Аудан басшысы қабылдауда ауданымыздың мерейін асқақтатқан жас спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, арнайы алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан аудандық маслихат төрағасы Әділ Үсенұлы және Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» төсбелгісінің иесі, ардагер ұстаз Еркін Атабаев сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<