Бүгін қала әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жүргізді.
Аралау барысында қала аумағында орналасқан «Смолл», «Магнум», «Анвар», «Қызылорда», «Аль-Асад», «Радуга», «Астана», «Тұран», «Меркурий» «Мирас» сауда үйлері қамтылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты сауда субъектілеріне қойылатын заң талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, сауда үйлерінің өкілдеріне сауда субъектілеріне рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу тапсырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<