Қызылорда: Азық-түлік тауарларына шекті баға белгіленуде

656

0

Өңірде кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынының қымбаттауына байланысты шекті баға белгілену бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Комиссия отырысы өткізіліп, СI санатты тауық жұмыртқасына 430 теңге, күнбағыс майының литріне 632 теңге мөлшерде шекті рұқсат етілген бағасын белгілеу жөнінде шешім қабылданып, облыс әкімдігінің қаулысы бекітілуде.

Облыс әкімдігінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасына сәйкес, осы өнім түрлерінің рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары 90 күн мерзімге дейін әрекет етеді.

Қаулы жобасы «Қызылорда облысының әкімдігі» сайтында жарияланды. Қазіргі таңда, НҚА талаптарға сәйкес тиісті органдармен келісілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<