Бүгін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы және аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістен соң аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің әркез жоғары болу керектігін атап өтті.
2024 жылдың қаңтар айында аудан экономикасына 9400 млн. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, өткен жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Сонымен қатар, 1440 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 67,2 пайызға артып отыр. Бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2024 жылдың қаңтарында 209,6 млн. теңгені құрап, 3,8 пайызға артқан.
– Үкімет басшысы және облыс әкімі берген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты жұмыстарды атқарып, жоғары нәтижеге қол жеткізу тұрақты бақылауда болсын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мәжілісте аудан басшысы «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» КММ-нің директоры қызметіне тағайындалған Болат Бисенбаевты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<