Шымкент қаласында “Бабалар рухына тағзым” атты республикалық танымдық жиын өтті.
Онда ұлт жанашыры, үш мәрте Социалистік Еңбек ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайраткерлігі ұлықталды. Еліміздің барлық өңірлерінен келген өкілдер Д.А.Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қайраткер мұражайына саяхат жасалды. Наурыз алаңында ұлы қайраткердің құрметіне спорт жарыстары ұйымдастырылып, өнер шеберлерінің ән-күйіне ұласты.
Осы шарада «Д.Қонаев» ордені Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уайсқа және Өзбекстан басшысы болған Шарап Рашидовтың қызы, академик Саида Рашидоваға тапсырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<