Қазалы ауданының тұрғындары Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы 1 минут үнсіздікпен басталды.
Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз сөйлеп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.Сонымен қатар, алдағы уақытта да азаттық үшін күресіп, жанын құрбан еткен ата-бабаларымызды ардақтауды жалғастыра беретінін жеткізді.
Атаулы күннің аясында бірқатар тарих пәнінің мұғалімдері баяндама жасап, зобалаң жылдары зардап шеккендер туралы айтып берді.
Әсіресе, «Зұлмат жылдардың жаңғыруы» тақырыбында баяндама жасаған Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Мафруза Текеева сол бір жылдары өзінің әкесіБахи Текеевқуғын-сүргін құрбаны болғанын тебіреніспен жеткізді. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің тарих пәнінің мұғалімі ҒанибекАйдосов «Қуғын-сүргін құрбандары болған – Алаш зиялылары»,Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің тарих пәнінің мұғалімі МейрамбекДәкібай «Зұлмат жылдар зобалаңы – рухани сананы жаңғырту танымы» тақырыбында баяндама жасады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<