Бағдарлама шеңберінде акция өтті

394

0

Бағдарлама шеңберінде акция өтті «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің бастамасымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы» көшпелі қабылдау түрінде жұмыспен қамту орталығында болып өтті.
Акцияны «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов ашып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламарын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну туралы мақсаттарын атап өтті.
Акцияға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысып, келген азаматтарға заңды кеңестерін берді. Сонымен бірге қатысушылар тарапынан кәсіпкерлікті ашу, несие алу жөнінде сұрақтар қойып, тиісті жауаптар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<