Бәйге 3 200 метр: Қазақ сәйгүліктері алдына қара салдырмады

334

0

Фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ұшқыр бәйгеден 3 200 метр жарыс жолына шыққан дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттардың арасында жүйрік анықталды.

3200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері ұтты.

Мәре сызығын бірінші болып «Лайф’с Э Бриз» кессе, екінші орынды «Уэст Кост Найт» иеленді.

Үздік үштікті «Аляска Тайгер» түйіндеді.

1-орын: Лайф’с Э Бриз, шабандоз — Мырзабек Қаппышев, бапкері және ат иесі — Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);

2-орын: Уэст Кост Найт, шабандоз әрі бапкері — Жүсіпов Дәурен, ат иесі — Қарабай КФХ, (Қазақстан);

3-орын: Аляска Тайгер, шабандоз әрі бапкері — Рамазан Табылдиев, ат иесі — Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<