Бәрі де ана, өзіңнен басталады

1130

0

Жер-ананың оянып, тіршіліктің жалғасатын мезгілінде әйелдер мерекесінің де қабат келуі заңдылық секілді. Өйткені,  көктем де, ардақты ана да – тіршіліктің бастауы. Сұлулық пен бейбітшіліктің символына айналған әйелдер мерекесі қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев түрлі салада еңбек етіп, қоғам дамуына қызмет еткен нәзік жандармен кездесті. «Ана – өмір шуағы» атты шараға көпбалалы, алтын құрсақты аналар мен еңбек адамдары да шақырылды.

Мерекелік кездесуде аймақ басшысы әйел-аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, өңірдің өркендБарша қазақтың ортақ мақтанышы, сұлулық пен ерліктің символына айналған Тұмар ханым, Ақжүніс, Қыз Жібектің, ел басына іс түскен қиын кезеңдерде басын оққа байлаған Әлия, Мәншүк, Хиуаз ұлт батырларының есімдері тарих парағына алтын әріптермен жазылып қалды. Несібесін жерден теріп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен жерлестеріміз Сәлима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова секілді апаларымыз бен ұлт руханиятын, мәдениетін, өнерін асқақтатқан Роза Бағланова, Сәбира Майқанова, Мәдина Ералиева сынды майталман тұлғаларымыздың Сырдың шежірелі тарихындағы орны ерекше. Аймақтың дамуына ерекше атсалысқан жандарды, оның ішінде әйел-аналарымызды қалай құрметтесек те жарасады,– деді облыс әкімі.                  

Статистикаға көз салсақ, қазіргі таңда өңіріміздегі халық саны 834 мың болса, оның ішінде әйелдер саны 415 мың. Бүгінде өңірімізде 141 мыңнан аса отбасы бар. Оның ішінде 48 мыңнан астамы көпбалалы аналар болса, 17 мыңға жуығы – «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі», – деген болатын. Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің 37,4, медицина қызметкерлерінің 87, педагогтардың 78,3 пайызы – әйелдер. Бюджеттік салада 62 пайыз қыз-келіншектер қызмет етеді.

Облыс әкімі аймақта отбасы және аналар мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Өткен жылы Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» орталығының құрылысы басталып, биыл мамыр айында пайдалануға берілмек. Орталықта жас ерекшеліктеріне қарай түрлі үйірмелерде қыз балаға бүлдіршін кезінен бастап ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, одан әрі салиқалы ана болуына дайындайды. Жас аналарға арналған арнайы оқулар, психологиялық кабинеттер, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар да осында өткізіледі.

Өмірлік құндылықтың темірқазығы – махаббат, жанашырлық, жауапкершілік сияқты қасиеттер ең әуелі ананың сүтімен, оның берген тәлім-тәрбиесімен беріледі. Әйелсіз тіршілік те тоқтайды. Дүниеге ұрпақ әкелу миссиясы  – әйелдерге ғана берілген құдіреттің сыйы. Кездесуде «Алтын алқа» иегері, тыл ардагері, 10 бала тәрбиелеп, 28 немере, 26 шөберенің қызығын көріп отырған  Раш Искакова сөз алып, сонау қиын-қыстау кезіңде де баланы өмірге әкеліп, қоғамның дамуына да үлес қосқанын айтты.

–     Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Біз бір ғана отбасының тіршілігімен жүрмедік. Елдің өркендеуіне, дамуына үлес қостық. Тылда  тер төктік. Қиындықтан қашпай, қандай жұмыс болса да білек сыбана кірісіп кететінбіз. Қазір сол еңбектің нанын жеп отырмыз. Алланың берген перзенттерінің барлығы өз отанының тұтқасын ұстап, берекелі өмір сүруде, – деді Батыр ана.

Мұнан кейін Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Алмагүл Божанова сөз алып, ардақты аналарды мерекелерімен құттықтады.

–     Сіздер әрқашан иба мен ізеттің, парасат пен пайымның, мейірім мен ізгіліктің бастауы болып келесіздер. Бүгінгі күні билік пен мемлекеттік қызметте, республикалық деңгейдегі басқарушы органдарда әйелдер үлесінің артуы – сіздердің қарымды қабілеттеріңіз бен іскерліктеріңіздің дәлелі. Еңбектен бақытын тапқан Салима Жұмабекова, Ұлбала Алтайбаева ерлігімен таңғалдырды. Өнегелі өмір жолымен кейінгі ұрпаққа үлгі болып келетін батыр аналардың ізін жалғаған  сіздердің жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін, – деді.

Шара барысында «Серпер» жастар сыйлығының иегері Қарлығаш Айтжанова сөз алып, Ана туралы монолог оқыды. Сонымен бірге  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» иегерлері атанған аналар марапатталды. Олардың алды 38-де болса, ең жас ана 31-де. Облыс әкімінің қолынан «Алтын алқа» алған Динара Досова ұрпаққа тәрбие беру арқылы еліміздің болашағын қалыптастыруға үлес қосып келетінін жеткізді.еуіне аянбай үлес қосып жүрген белсенді әйелдер қауымы, іскер әйел-аналар, қыз-келіншектер үшін бұл мейрамның ерекше мәнге ие екенін жеткізді.

– Бүгін қоғамның барлық сатысында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп жүрген, ұлттың ұйысуы мен бірліктің нығаюына атсалысқан нәзік жандарға, аяулы аналарға шынайы алғысымызды білдірсек деген ниетпен жиналудамыз. Бала тәрбиесін қашанда ұлт тәрбиесі деп қараған дана халқымыз болашақ ұрпақты дүниеге әкеліп, бағып-қағып, білім мен өнегелі тәрбие беріп, аялай да білген. Барлық уақытта бабаларымыз өзіне ең қымбат ұғымдарды – Отан мен Жерді, Тілді  Ана атымен байланыстырған. Өйткені, тіршіліктің нәрі де, мәні де – Ана.Ұланғайыр даламыздың тарихында өздерін кемел көшбасшы, ақылды ел билеуші, көрнекті қайраткер ретінде танытқан әйелдер аз емес.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<