«Бәрін өзгерткен Қаңтар» деректі фильмінің тұсауы кесіледі

724

0

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Jibek Joly телеарнасында ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген «Бәрін өзгерткен Қаңтар» атты деректі фильмнің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі фильм авторлары қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бандиттердің арам ойы неге іске аспай қалды, қорқыныш аурасы, хаос және шарасыздық туралы баяндап береді.

«Бәрін өзгерткен Қаңтар» деректі фильмінің тұсауы кесіледі
Фото: https://www.inform.kz

Фильмнің басты кейіпкерлері – бұзақылық кезінде елді қорғаған қазақстандықтар. Қарапайым азаматтар туып-өскен атамекенін қорғап жүріп ерлік көрсетті.

Сондай-ақ, деректі фильмде Қаңтар оқиғасына қатысты бұрын-соңды айтылмаған фактілер мен қатысушылардан алынған эксклюзивті сұхбаттар ұсынылады.

Қаңтар оқиғасы мемлекеттік төңкерістің сәтсіз әрекеті ғана емес, Қазақстан тарихындағы ең ірі лаңкестік шабуыл болды. Оқиға салдарынан 238 адам қаза тапты.

Оның қатарында тұрғындармен қоса, полицейлер, әскери қызметкерлер бар.

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер әлі де қаралып жатыр. Кейбір қатысушыларға Мемлекет басшысы рақымшылық жариялады.

Jibek Joly телеарнасының эфирінде «Бәрін өзгерткен Қаңтар» деректі фильмінің тұсаукесері Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<