Бәсекелестiкке қарсы әрекетке белгiленген тәртiппен тыйым салынады

611

0

Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдар мемлекеттік функцияларды іске асырған немесе мемлекеттік қолдау шараларын көрсеткен кезде олардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актілер не шешімдер қабылдаудан көрінетін, бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

 Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі) болып мыналар да танылады:

1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;

2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;

3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты – тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулерді енгізу, нарық субъектiсiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулерді енгiзу;

4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар;

5) тауарларды сатып алушылар үшін осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;

6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған әрекеттер;

7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған әрекеттер;

8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, тауар нарығына шығуын шектеу немесе одан нарық субъектілерін ығыстырып шығару;

9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;

10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу;

11) нарық субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділік бермеу.

Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдар арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келетін немесе алып келуі мүмкiн болса, тыйым салынады.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде:

1) нарықтың жаңа субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді шектеуге;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өз мазмұны бойынша мемлекеттік қолдау нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер жүктеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген алымдар мен өзге де төлемдерді алуға;

4) мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың қызметін, егер бұл әрекет бәсекелестікті болғызбауға, шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса, үйлестіруге тыйым салынады.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізу, жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы осы баптың 3-1-тармағының талаптары сақтала отырып, монополияға қарсы органмен келісуге жатады.

Монополияға қарсы органмен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізу, жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы келісілген кезде мыналар есепке алынады:

1) тауар нарығының шоғырлану деңгейі;

2) тауар нарығына кірудің экономикалық, технологиялық, әкімшілік кедергілерінің болуы;

3) шағын, орта кәсіпкерліктің қатысу үлесі;

4) нарықтың жаңа субъектілерінің пайда болу серпіні;

5) тауар нарығының теңгерімі, ішкі сұранысты қанағаттандыру;

6) тиісті тауар нарығында кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысу деңгейі;

7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен бекітілген тауар нарығындағы мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және бәсекелестікті дамыту көрсеткіштеріне қол жеткізу;

8) тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі ескеріле отырып, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының басымдығын айқындайтын өзге де құжатпен расталған мән-жайлар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасында келтірілген дәйектермен келіспеген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және монополияға қарсы органның өкілдері кіреді.

Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысында қарайды.

Қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша келісу комиссиясы ескертулерін және ескертулердің болуы (болмауы) туралы ұсынымдарын шығарады.

Қорытындының жобасына ескертулер қабылданған жағдайда монополияға қарсы орган оны пысықтауды жүзеге асырады және күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде келісу комиссиясының қарауына қайта ұсынады.

Монополияға қарсы орган қорытындының жобасына ескертулерді қабылдамаған кезде келісу комиссиясының атына келіспеу себептерінің негіздемелері ұсынылады.

Монополияға қарсы органның қорытындыны бекіту туралы шешімі келісу комиссиясының қорытынды жобасына ескертулері болмаған жағдайда қабылданады және тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.

ҚР Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігінің

Қызылорда облысы

бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<