Баға бақылауда

661

0

Өткен сенбі күні облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бірқатар әлеуметтік дүкендер, бөлшек сауда желілері мен базардағы халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларын көрді.

Жауапты сала басшыларымен бірге дүкен сөрелерінде тұрған қант, ұн, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат сынды өнімдердің бағасын салыстырып, қажетті қор көлемін бағамдады.

Қайрат Нұртай – тұрақтандыру қорымен реттелетін 19 түрлі азық-түліктің шекті бағадан аспауын қадағалауды күшейтуді тапсырып, тапшылықты туындатпау қажет екенін еске салды. Сондай-ақ, сауда нысандарын аралау барысында базар мен дүкендер аумағын қоқыстардан тазартып отыруды қатаң ескеру қажет екенін тиісті мамандарға жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<