Баға тұрақтылығы мен қамтылуына бақылау жүргізілді

695

0

Бүгінгі мониторингтік топ дәрілік заттардың шекті бағасына талдау жүргізді. Қала орталығында орналасқан бес бірдей «Фармаком», «Доктор плюс», «Фарм+», «Зерде», «OLYMP» дәріханаларында болып, ондағы тұрғындар жиі тұтынатын 32 дәрі-дәрмектер бағасы тұрақты әрі қоры қаншалықты жеткілікті екеніне мониторинг жүргізді.

Әрбір дәріхананың сатылым бағаларын жазып, салыстырғанда қатты айырмашылық байқалмады. Мүмкін қатар орналасқаннан кейін бәсекелестіктің арқасында айтарлық өзгеріс болмаған болар. Дегенменде дәріхана егелеріне сатылымдағы дәрі дәрмектерді шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізе келе, баға негізсіз көтерілген жағдайда кәсіпкерге шара қолданатынын ескертілді.

Мұнан бөлек қаламыздағы «Сұлтан» ірі сауда үйіндегі азық-түлік сататын екі үлкен бөлімдерінде сонымен қатар әлеуметтік дүкенде болып, ондағы әлеуметтік азық-түліктің белгіленген 19 түріне сатылым бағалары зерделенді.

Тұтынушылар мен сатушылар бірауыздан дәл осы кезеңде белгіленген азық-түлік бағаның түскендігі мен қолжетімділігін айтуда. Бұл да болса апталық бақылаулардың, ескертулердің нәтижесі деп есептейміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<