Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «ХабарLIKE» бағдарламасына берген сұхбатында жолдасынан мәһрге не сұрағанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер мәһрге кеңсе сұраған.
«Мәһрге кеңсе сұрадым. Қыздар әдетте жүзік секілді бұйым сұрап жатады ғой, жеке өзім кеңсе сұрадым. Үлкен кеңсе», – деп жауап берді ол.
Айта кетейік, бұған дейін «Әлі көрген жоқпын». Баян Мақсатқызы күйеуі туған күніне қандай сыйлық жасағанын айтқаны хабарланған болатын.






