Байқауға өтініш қабылдау жалғасады

1087

0

Бұған дейін хабарлаға­ны­мыздай, «Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында жас журналистер арасында Қалқабай Әбенов атындағы «Тоқсан жыл­дың толғауы» атты байқау жарияланды.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шектеулер енгізілуіне бай­ла­нысты байқауды өткізу уақыты кейінге шегерілген болатын. Осы орайда мате­риалдар 20 маусымға дейін қабыл­данатынын ескер­те­міз. Қорытындысы «Бай­­ланыс және ақпарат қыз­мет­кер­ле­рінің күні» қар­са­ңында жарияланады. 

Төменде байқау шарт­тары мен ережелерін назар­ла­рыңызға ұсынамыз.

Жалпы ереже

1. Байқау облыстық дең­гейде ұйымдастырылады.

2. Байқаудың   үйлес­­тіру­шісі және ұйымдастырушысы «Сыр медиа» ЖШС.

Байқаудың мақсаты:

3. Жас журналистер шы­ғар­­ма­шылығының дамуына қол­дау көрсету.

4. Мемлекеттік тілдің қол­да­нылу аясын кеңейту.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойы­латын талаптар:

5. Байқауды ұйымдас­тырып, өткізу мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанынан Ұйым­дастыру комиссиясы құрылады.

6. Байқауға облыстық «Сыр бойы» газетінің қоғам­дағы ролі, ғасырға жуық уақытта өңірдің рухани-мәдени дамуына қосқан үлесі, онда көтерілген маңызды мәселелер, талдау, зерттеу тұрғысындағы еңбектер, жал­пы, басылымның ұстанған бағыты мен жетістіктері туралы да тақырыптар жібе­рі­леді. Сондай-ақ, басылымда еңбек еткен қаламгерлер туралы тың деректер не­гізінде жазылған дүниелер қабылданады.

7. Байқауға бұрын-соңды жарияланбаған материалдар жіберіледі.

8. Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істей­тін тілшілер мен тәуелсіз қалам­герлер қатыса алады.

9. Байқау материалдары тиісті баспа және ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қа­был­данады.

10. Байқауға әрбір қаты­сушы 2 не 3 материалын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқау материал­дарын сараптау барысында тақы­рыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәй­кес­тігі, жаңа әдістерді қол­данысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерт­теу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.

11. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, мынадай құжаттарды қоса жібереді.

1) Төмендегі деректер көрсе­тілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.

2) байқау материалының қағаз нұсқасы.

12. Байқауға жіберілген мате­риалдар авторларға қайтарыл­майды.

13. Байқауға ұсынылған ма­те­риалдарды қазылар ал­қасы ба­ғалайды.

Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі:

14. Байқау үш кезеңнен тұрады.

1) Байқауға қатысу­шы­­лардан материалдарды қа­былдау;

2) Материалдарды сарап­тау және жеңімпаздарды анықтау;

3) Байқау жеңімпаздарын марапаттау.

15. Байқау жеңімпаздары Қалқабай Әбеновтің ұрпақ­тары атынан арнайы сый­лық­тармен марапатталады.

Ұйымдастыру комиссиясы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<