Байқау мәреге жақын

339

0

Облыстық «Сыр бойы» газеті басылымның 95 жылдығы аясында байырғы редактор Қалқабай Әбенов атындағы дәстүрлі баспа БАҚ өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз қаламгерлер арасында «Туған жер – тұғырым» атты байқау жариялайды.

Жалпы ереже

Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.

Байқаудың үйлестірушісі: «Сыр медиа» ЖШС және Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы, Қ.Әбенов атындағы «Сыр журналистикасы» қоғамдық қоры.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.

Байқауға туған жер құндылығы, рухани-мәдени даму, салт-дәстүр, жастар саясаты, ұлтаралық татулық, жалпы ондағы қоғамның бет-бейнесі туралы түрлі жанрдағы (мақала, сұхбат, әңгіме, очерк, жолжазба, өлең, арнайы репортаж, т.б) еңбектер жіберіледі.

Байқау материалдары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға бұрын баспа бетінде жарияланбаған, тек байқау кезеңінде өткен материалдар жіберіледі.

Байқауға қатысушыларға жас шектеуі қойылмайды.

Байқау материалдары тиісті баспа және телеарна жетекшілері, тәуелсіз қаламгерлердің ұсынысы бойынша қабылданады.

Байқауға әрбір қатысушы баспа бойынша материалын 6 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі, мазмұнның ашылуы, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі есепке алынады.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, мекен-жайына (байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, эл.пошта syrboyi@yandex.kz) мынадай құжаттарды қоса жібереді.

1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.

2) байқау материалының қағаз нұсқасы.

Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.

Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

1) 2024 жылғы 18 наурыз бен 18 қазан аралығында байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;

2) 2024 жылғы 18-20 қазан аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;

3) 2024 жылғы 29 қазанда байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

Байқау жеңімпаздары Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастыру комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<