Байқау нәтижесі белгілі болды

268

0

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде, сондай – ақ облыс тұрғындары арасында есірткіге қарсы насихат жүргізу және полицейлердің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан тілшілер арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: нашақорлық пен есірткі қылмысының өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары және нашақорлық саласындағы маңызды іс-шаралар туралы халықты хабардар ету, есірткі қылмысының өзекті мәселелері бойынша материалдар жариялайтын журналистерді қолдау .


Жарысқа қатысушылар техниканың заманауи жетістіктерін қолданып, өз ойларын нақты фактілермен нығайта отырып, айқын және дәлелді жеткізе алды. Тілшілер нашақорлық пен есірткі қылмысы проблемасын жариялай отырып, халықты, өскелең ұрпақты есірткісіз өмір туралы хабардар етуге өз үлестерін қосты.

Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бөлінді, барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Нәтижесінде Кенжеғұлова Мөлдір Сабыржанқызы – «Kyzylorda-news.kz.» ақпарат агенттігінің тілшісі, Сейіл Айдана Сайдуллақызы – «Ақмешіт апталығы» ақпарат агенттігінің шеф редакторы, Жарманова Айжан Сандибеккызы – «Kyzylorda-news.kz.» ақпарат агенттігінің тілшісі, Оралбай Аружан Маратқызы – «Ақмешіт жастары» газетінің сайт редакторы, Бекбан Шынар Алтынбекқызы – «Syrboyi.kz» ақпараттық агенттігінің шеф-редакторы үздік болып танылып, «Полиция алтын қаламы» номинациясының жеңімпазы атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<