Байқау жеңімпаздарын марапаттады

404

0

Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» Республикалық байқауы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өтті.

Жаңа технология уақытында мұғалімдер бейне сабақ беріп қана қоймай, оны өздері де дайындап үйренуде. Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне облыстан 22 аталым бойынша 190 педагог қатысты. Оның ішінде, шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 57 қатысушы өңірлік кезеңнің жүлдегері атанды.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында байқаудың өңірлік кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған педагогтерді марапаттау рәсімі өтті.

Ісзденімпаз, еңбекқор педогогитердің еңбегі бағаланды. Мазмұны мен өзектілігі сараланды.  Жүлделі орындар мен дипломдар табыс етілді.  

Облыс педагогтерінің үздік 15 шығармашылық бейне жұмысы енді республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды. Олар Астана қаласында өтетін үлкен сынға қатысады.

Әрбір педагогтің ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысына, кәсіби өсуіне, шеберлігін шыңдауына мүмкіндік берген байқаудың Республикалық кезеңінде Сыр елі педогогтары да өз жұмыстарын қорғап, мерейі үстем болады деп сенім білдіреміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<