Байқаушылар белсенділігі жоғары болды

633

0

Облыста 378  референдум учаскесі ұйымдастырылса, оның 345-і ашық дауыс беру  учаскесі болды. Оларды 3800-ге жуық байқаушы қадағалады. Ауа райының ыстық болуына байланысты байқаушылар екі ауысымда жұмыс істеді.

– «Партиялық емес байқау орталығы»  – республикалық қоғамдық кеңестің филиалы. Орталықтың  байқаушы болу тәжірибесі мол, яғни, бұған дейін өткен сайлауларда орталық байқаушылары белсенділік танытып жүр. Бұл жолы да солай болды.  Әр байқаушыға құқықтары мен міндеттері туралы арнайы оқытылып, түсіндірілді. Әр учаскеде он байқаушыдан  болды.  Учаскелерде мобильді капитан жұмыс істеді. Әр екі сағат сайын мониторинг жасалып отырды.   Байқаушылар қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралды. Олардың  арасында  20-35 жас аралығындағы жастардың белсенділігі жоғары болды. Біз соған қуандық. 27 жылда өткізілген референдум болғандықтан ба, халық өте белсенді атсалысты. Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтар анықталған жоқ, – деді  «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал төрағасы Жандос Тұсмағанбетов.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<