Байқоңырда тәртіп бұзғандар ұсталды (видео)

6448

0

7 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғыны өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны анықталды.
Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД Байқоңыр қалалық басқармасымен және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, жеткізілді.


Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Байқоңыр қалалық сотына жолданды.
Байқоңыр қалалық сотының қаулысына сәйкес азаматтың іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық анықталып (Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған, құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн немесе ұлттық және дiни алауыздықты қоздыратын әрекеттер, жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi келтіру не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу), оған қатысты 30 (отыз) тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды, – деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<