Байқоңырдан OneWeb спутнигінің жаңа партиясын ұшыру жоспарланып отыр

478

0


22 тамызда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы және «Фрегат» үдету блогының көмегімен 34 OneWeb ғарыш аппараты сәтті ұшырылды. Тағы үш күннен кейін, 25 тамыз күні Байқоңырға OneWeb спутнигінің кезекті партиясы жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің ғарыш агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 34 ғарыш аппаратын «Крайний» әуежайына Ан-124 ұшағы жеткізген. «Южный» ғарыш орталығының мамандары спутниктерді Байқоңыр ғарыш айлағының №124 алаңына жеткізді. Технология шарасының келесі кезеңі – техникалық кешендегі аппараттарды әзірлеу. «Фрегат» үдету блогы және OneWeb ғарыш аппараттарының жаңа партиясы бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын № 36 миссия аясында ұшыру 2021 жылдың 14 қыркүйегіне жоспарланған.

22 тамыздағы ұшырылым мен алда жоспарланған ұшырылым аралығы бір аптадан асады. Бүгінде OneWeb спутниктер тізбегі 288 ғарыш аппаратынан тұрады, тағы жүздеген басқа аппаратты ұшыру жоспарланып отыр. Алдағы ұшырылымнан кейін орбитадағы OneWeb ғарыш аппаратының саны 322-ге дейін жетеді.

Төмен орбитадағы OneWeb ғарыш аппараттары жердегі тұтынушыларды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<