Келесі жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштың ауыр класына жататын «Протон-М» үш рет ұшырылады деп жоспарланып отыр.
Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе көп, деп хабарлады РИА Новости.
Зымырандардың қай уақытта ұшырылатыны туралы кесте әлі бекітілмеген.
2020 жылы Байқоңырдан «Экспресс-80» және «Экспресс-103» спутникті байланысы бар «Протон» бір рет қана ұшырылған. Келесі жылы «Протон-М» үш рет ұшырылады, – деп жазды агенттік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<