Байқоңырлық дәрігерлер облыстық перинаталдық орталықта тәжірибе алмасты

873

0

Облыстық перинаталдық орталығында Байқоңыр қаласының Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінен арнайы келген дәрігерлер мен акушерлер туу жасындағы әйелдерге шұғыл акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді шыңдау мақсатында тәжірибе алмасты.

Келген мамандар алдымен гинекология бөлімінің жұмысымен танысып, кейін оқу орталығында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушері Г.Ж.Жұмабековамен акушериядағы шұғыл жағдайлар бойынша рөлдік ойындар ойнатылды. Босанудан кейінгі ІІ акушерлік бөлімнің жұмысымен аға акушер А.К.Абишева таныстырды.

Айта кетейік, Облыстық перинаталдық орталығы ана мен бала денсаулығын қорғау жөнінде облыс көлеміндегі медицина ұйымдардың басты ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<