Бала дауы медиация тәртібімен шешілді

637

0

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер С.-мен ортақ некеден кәмелетке толмаған 2009 жылы туылған қызы М.-мен 2011 жылы туылған ұлы С.-ның тұрғылықты жерін өзімен бірге анықтап беруді сұраған азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талап арызында жауапкермен заңды некені 2018 жылы бұзу кезінде ортадағы қыз М. мен ұл С. әкесінің асырауында болатындығы туралы келісімге келгендігін көрсеткен. Алайда, қазіргі таңда ұлы мен қызы анасының тәрбиесінде. Себебі, әкесі мен өгей анасы балаларға қол көтерген. Балалар анасының үйіне қашып келген. Кәмелетке толмаған 2009 жылы туылған қызы М. мен 2011 жылы туылған ұлы С. тұрғылықты жерін талап қоюшы Д.-мен анықтауды сұраған.

Істі қарау барысында судья Қ.Абдуллаев онлайн форматта ватсап желісі арқылы сөйлесулермен тараптарды бітімге шақырып, бала тағдыры жөнінде көптеген мағлұмат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тараптар өзара келісім жасасып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы нәтижесінде 2009 жылы туған М. мен 2011 жылы туылған С. тұрғылықты жері анасымен қалдырды. Талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж өзіне қайтарылды.

Айнұр ҚАЙБАЛДИЕВА,

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе меңгерушісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<