Бала денсаулығы бәрінен маңызды

932

0

Бала денсаулығына дәрігерлер ғана емес, ата-ана да жауапты. Себебі, дәрігер емінің нәтижелі болуы үйдегі күтімге де байланысты. Осы ретте «Ұмай» үкіметтік емес ұйымы жаңа жобаны жүзеге асыруды қолға алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бо­йын­­ша «Ұмай» үкіметтік емес ұйымы жыл аяғына дейін үш жобаны жүзеге асырмақ. Бұл туралы «Прима-парк» бизнес орталығында тал­қыланды.

– Басты мақсатымыз – медицина қызметкерлері мен ата-ана арасында алтын көпір қызметін атқару. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен әріп­тестік байланыс орнатып, жыл аяғына дейін үш жобаны жүзеге асырамыз. Атап айтқанда, бронх демікпесі ауруына шалдыққан науқастар үшін «Астма мектебі» оқытушы бағдарламасын енгізу және қан диабетімен ауыратын балаларды қолдау орталығында оқыту және кеңес беру арқы­лы олардың өмір сапасын жақ­сарту. Үшінші, өңірімізде ба­лалар мен жасөспірімдер ара­­сында йод жетіспеушілік, те­­мір тапшылығы анемиясын тө­­мендетуге арналған шаралар ұй­ымдастыру, – деді жоба же­тек­­шісі Анар Ізден.

Балалардың денсаулығын жақсарту тек дәрігерге немесе дәрі-дәрмекке байланысты емес. Бала денсаулығына күтім жасауда ата-ананың ролі зор.

– Аталған аурулар аса кү­тімді қажет ететіндіктен, ата-ана сауаттылығын арттыру қа­жет. Бұл жоба нәтижелі болады деген сенімдеміз,– деді об­лыстық денсаулық сақтау бас­қармасының ана мен бала бө­лімінің меңгерушісі Бибізада Дүйсенбаева.

Мәжілісте жобаны жүзеге асыру тиімділігі бойынша мамандар баяндама жасады, бірге талқылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<