Бала қауіпсіздігі бәрінен маңызды

184

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Терезеден құлау фактісінің тіркелуіне басты себеп – балалардың қараусыз қалуы дейді мамандар. Сондықтан да сақтық шарасына бей-жай қарамау әр отбасының алдында тұрған жауапты міндет. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Өзіңнен баста!» атты челлендждің басталғанын хабарлайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов мәлімдеді.

– “Өзіңнен баста” челленджінің мақсаты – балалардың терезеден құлап кетпеуін қадағалау. Барша ата-аналарды, әріптестерімді, барша тұрғындарды осы челленджге бір ауыздан үн қосып, қатысуға шақырамыз. Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы. Сондай-ақ, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы мен москит торларының берік бекітілмеуі және балалардың терезенің алдында ойнауы тікелей себеп болып отыр. Одан бөлек, аудандық ТЖ бөлімінің және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан және Қызылорда қаласы бойынша балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап зардап шегуін немесе қаза болуын болдырмау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Уаз-құлақтандыру дауыс зорайтқыш автокөлігімен қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің және мини-маркет, сауда орындарының кіре беріс есіктерінің тұсына үгіттеу-түсіндіру парақтары ілініп, дауыс зорайтқыш арқылы тұрғын үй ауласында ескерту, түсіндіру іс-шаралары жалғасуда”, – деді Бейбітхан Оразайұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<