Ата-аналар, балаға ең жақын адам ретінде оған бес ережені үйретіңіз.
– Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және оларды үйге кіргізуге болмайды;
– Үйдің кіреберістеріне, басқа да адам тұрмайтын жерге барма;
– Басқа біреудің көлігіне отырма;
– Бейтаныс адамдардан сыйлық алма және олардың үйіне немесе басқа жерге бару туралы ұсынысына келіспе;
– Көшеде әсіресе, қараңғы түскенде, жалғыз қалуға болмайды.
– Балаға біреу, тіпті көрші болса да, қонаққа немесе үйге баруды ұсынса;
– Мектепке немесе балабақшаға бөгде адам келсе және ата-анасы бұл туралы алдын ала ескертпесе;
– Ата-анасы үйде жоқта бейтаныс адам келіп, оны пәтерге кіргізуді сұраса;
– Танысу және уақыт өткізу үшін бірдеңе жасаса жоқ деп айтуды үйретіңіз.
Бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық!
А.Абжалиева,
Қызылорда КПБ ЖПҚБ ювеналды полиция
бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<