12-15 қыркүйек аралығында облыс көлемінде «Бала-Заң-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – облыс көлемінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандар арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау. Мұнда сондай-ақ, топтық төбелес, суық қаруды тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу, қылмысқа бейім оқушылар мен студенттер арасында теріс әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, бұл ретте бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын барынша жандандыру қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда іс-шара мақсатына сай жұмыс жүргізілуде.
А.Ерназарова,
Ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік
полиция инспекторы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<