Бала тәрбиесі баршаға ортақ

607

0

Қазіргі таңда ата-ана мен мектеп арасында байланыс орнатуда бірлестіктер пен ұйымдар бірлесе жұмыс істеуде. Мәселен, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалына 70 мыңға жуық ата-ана мүшелік етеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шерхан Арапбай мәлімдеді.

Бірлестіктің басты мақсаты – еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы отбасы мәдениетін қалыптастыру.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде бірлестіктің филиалдары жұмыс істейді. Қызылорда облыстық филиалы 2022 жылдың қазан айынан өз жұмысын бастады.

Қазіргі таңда облыс бойынша 7000 астам бірлестік мүшесі бар. Бүгінге дейін 100-ге жуық ата-аналармен кездесу, семинар, ақпараттық жұмыс жүргізілді. Әр филиалда арнайы психологтар жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, ата-аналармен байланыс орнату үшін колл-орталық құрылды. Оған кез келген ата-ана өз сұрақтарымен хабарласып, жауаптарын алуына мүмкіндігі бар. Бірлестігіміз ата-аналар, балалар, психологтар, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, отбасындағы бала тәрбиесі мақсатында үдере жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда бірлестіктің қолдауымен Алаш зиялыларының еңбектерін жарыққа шығарып, оқырман қауымға таратуда. «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі елімізде саналы отбасы мәдениетін қалыптастыруда жұмыс жасауын жалғастыра береді, – деді Шерхан Жұмабекұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<