Бала тәрбиесі назардан тыс қалмау керек

644

0

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бастаған облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағамбет пен аудан прокуроры Дарын Әбіш Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің оқушылары және ата-аналарымен жиын өткізді.

Ең алдымен аудан басшысы басқосуға қатысушы ата-аналар мен оқушыларға жуырда ғана мектеп ауласында болған төбелестің ушығып тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар әрбір шаңырақтың үкілі үміті болған балалардың ұдайы ата-анасының қадағалауында болуы қажет екенін айтты.

Сол секілді білім басқармасының басшысы білім саласындағы бала үшін жасалып жатқан мүмкіндіктің зор екеніне тоқталды. Бірнеше оқушының арасында болған келеңсіз жайттың бұған дейін еңбекпен келген абыройды бір күнде аяқ асты еткенін тілге тиек етті. Сондықтан әрбір мұғалім білім алушылармен жеке-жеке байланысып, оқыс жағдайдың алдын алу үшін үлкен күш жұмсауын қозғады.

Бала тәрбиесі назардан тыс қалмау керек

Ал аудан прокуроры Дарын Әбіш бір ғана қате қадам бала болашағын бұлыңғыр ететінін айтты. Сонымен қатар, өткен оқиғаға қатысы бар оқушылармен олардың ата-аналары да зардап шегетінін сөз етті.

Жиын соңында қатысушы ата-аналар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер қозғалып, олардың шешілу жолдары да назардан тыс қалмайтыны айтылды.

Қазалы ауданы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<