Жуырда ғана облыс әкімінің кеңейтілген мәжілісінде бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу сынды өзекті мәселелерге қатысты бірқатар тапсырмалар берілген болатын.
Бүгінде ауданда осыған сәйкес түрлі шаралар қабылданып, бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш бастаған арнайы құрам Өркендеу, Бірлік, Аранды, Бозкөл ауылдық округтеріне барып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары арасында қоғамдық тәртіпті сақтау, бала тәрбиесіне аса мән беру, жастар арасында түрлі құқық бұзушылықты болдырмау сынды өзекті мәселелерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Айта кетейік, кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Нұрғиса Жалғасбаев пен Күншығар Әбілов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов және бірқатар дербес бөлім басшылары да қатысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<