Қазақстандықтар баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыны тіркелген мекенжайына қарамастан елдің кез келген ХҚО-да рәсімдей алады.
«Жыл соңына қарай біз төлемдердің басқа түрі бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов.
Айта кетейік, биылғы жылдың 8 айында баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы бойынша 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет рәсімделген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<