Жүрегінде жылуы бар жандар өзгелерге қамқор болып жүреді. Көбіне мұндай адамдарды қайырымдылық шаралардың бел ортасынан кездестіреміз. Бүгінде олар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына да үлестерін қосуда.
Игі бастама облыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінде жалғасты. «Балаға мейірім сыйла!» үндеуімен өткізілген шарада балаларға мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-жабдықтар берілді. Акцияда әлеуметтік көмекті қажет ететін және көпбалалы отбасынан шыққан 10 оқушыға мектепке керекті оқу құралдары салынған сөмкелер мен оқушылар киімі табыс етілді.
Балаларының жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<