Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесі қызметкерлері жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына ұйымдасқан түрде атсалысады.
Қайырымдылық акциясының басты мақсаты – аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау.
Осыған сәйкес, акция аясында мекеме қызметкерлерінен жиналған қаржыға әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы ана Егізбаева Жанардың отбасына көмек көрсетілді. Өзі жұмыссыз, күйеуі мардымсыз айлыққа жұмыс жасайтын бұл жанұяның қазіргі халіне жанашырлық танытқан мекеме қызметкерлері отбасындағы мектеп жасындағы 4 балаға оқу құралдары мен мектеп формаларын алып берді.
Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың анасы мекеме қызметкерлеріне өз алғысын жеткізді. Қолдың қысқалығынан 4 бірдей баланың құрал-жабдығын алуға мүмкіндігінің бола бермейтінін айтып ағынан жарылды.
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесі
ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<