Балаға абай болыңыз!

204

0

Терезеден құлау фактісінің тіркелуіне басты себеп – балалардың қараусыз қалуы дейді мамандар. Сондықтан да сақтық шарасына бейжай қарамау – әр отбасының алдында тұрған жауапты міндет. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов аталған мәселе туралы бірқатар ақпаратпен бөлісті.

–  «Өзіңнен баста» челленджінің мақсаты – балалардың терезеден құлап кетпеуін қадағалау. Барша ата-аналарды, тұрғындарды осы челленджге үн қосып, қатысуға шақырамыз. Балалардың терезеден құлау фактісінің себебі – ата-аналардың оларды бақылаусыз қалдыруы. Сондай-ақ терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы мен москит торларының берік бекітілмеуі және балалардың терезенің алдында ойнауы тікелей себеп болып отыр. Одан бөлек, аудандық ТЖ бөлімінің және қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан және қала бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер және мини-маркет, сауда орындарына үнпарақтар таратылды, – деді Бейбітхан Оразайұлы.

Жалпы жүргізіліп жатқан үгіт насихат жұмыстарына қарамастан 6 айда облыс бойынша балалардың терезеден құлауының 12 фактісі тіркеліп, салдарынан 1-7 жас аралығындағы 13 бала түрлі жарақат алған.  мұндай қайғылы жағдайлар орын алмас үшін сақтық шаралары қатаң жүргізіледі.

Ең бастысы – бала қауіпсіздігіне ата-ана жауапты болуы тиіс.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<