Балаға қуаныш сыйлау үлкен бақыт

265

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Ата қоныс алтын бесік, халықтың құт мекені болған Жосалы кенті жыл артқан сайын келбеті айшықталып, көркейіп, абаттанып келеді.

Облыс әкімінің қолдауының нәтижесінде, аудан әкімінің бастамасымен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынып, кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

Балалар үшін соңғы 5 жылда Жосалы кентінің 12 жерінде балалар ойын алаңы мен аулалық футбол алаңдары салынды. Қазір бұл жерлерде балалар асыр салып ойнап, бос уақыттарында спортпен шұғылданып жүр. Тұрғындардың сұранысына сәйкес, 2024 жылы Ә.Жаназаров көшесі мен Д.Мырзағалиева көшесі бойынан балалар ойын алаңы салынады.

Ол жерде түнгі жарықтандыруымен, табанына жасанды жасыл төсеніші төселген ересектерге арналған дене шынықтыру құрылғылары, балалар ойын алаңы және баскетбол, футбол алаңы болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<