Балалар мерекесін тойлады

1036

0

       

         Әлеуметтік саланың ішінде маңызы зор − медицина саласы. Біз адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандар деп бағалаған медицина қызметкерлері күндіз-түні жұмыста жүреді. Кезекшілікке тұрады. Оған орта және кіші буын медицина қызметкерлерінің еңбегін қосыңыз. Уақытының басым бөлігі жұмыста өтетіндіктен олар баласына көңіл бөле алмайды.

         Сондықтан Көп бейінді қалалық аурухананың әкімшілігі мекеме қызметкерлерінің балаларының басын қосты. Балалар жылына орай ұйымдастырылған шаттыққа толы кешке бас дәрігер Бауыржан Төлегенұлы қатысып, балғындарды құттықтады.

− Ел болашағы – өскелең ұрпақ қолында. Бұл мерекенің балалар мен ата-аналар үшін ерекше мәні бар. Өйткені, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Бүлдіршіндеріміз жақындарымен бірге бақытқа бөленіп өсе берсін. Зейінді, әдепті, өнерпаз бала болсын! Олардың жүзіндегі қуаныш бізге бақыт сыйлайды, − деді бас дәрігер.

Балалар мерекесін тойлады

          Көңілді кешке екі жүз бүлдіршін шақырылған. Алайда тек жүзге жуық балалар жиналды. Себебі бірінің анасы, бірінің әкесі жұмыста жүргендіктен келе алмаған. Балғындар «Алақай-балақай» аниматорлар тобымен бірге  ойын ойнап, ән айтты. Би биледі. Естелік суретке түсті. Мекеме қызметкерлерінің барлығының балаларына кәсіподақ комитеті дайындаған сыйлықтар таратылды.

Балалар мерекесін тойлады

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

        

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<