Балалар жылы қорытындыланды

757

0

«Білімді ұрпақ, өнерлі өрен – ел келешегі» атты Балалар жылының жабылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қатысып, атаулы жылда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Мерейлі жыл аясында өңірде нәтижелі шаралар ұйымдастырылып, мақсатты жобалар жүзеге асты. Балалар жылы аясында өткен түрлі форматтағы 12 мыңға жуық шараға, өңірімізден 200 мыңнан аса бала қамтылды. Өткен аптада Ел Президенті атынан балаларға арналған Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылып, қала және аудандардан келген балаларды құттықтадық. Балаларымызға бағалы сыйлықтар табыстадық, – деді аймақ басшысы.

«Балалар жылы» аясында аймағымызда ауқымды жұмыстар атқарылды. Балдырғандарға тарту ретінде демеушілер есебінен биыл Қызылорда қаласы және аудандарда құны 1,6 млрд. теңгеге
80 спорт-ойын алаңы салынды. Қызылорда қаласында көпбалалы 50 отбасыға пәтер кілтін табысталды. Сондай-ақ 19 балабақша, 6 мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы және Қармақшы ауданында дарынды балаларға арналған 150 орындық 2 мектеп-интернаты, Жалағаш ауданында 250 орындық Оқушылар үйі және Өнер мектебі ашылды.
Шараға қатысқан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ерекше білім алуды қажет ететін, сондай-ақ халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спортта, шығармашылықта жыл қорытындысымен үздік атанған 50 балаға сыйлық табысталды. Іс-шара мерекелік концертке ұласып, балалар өнерлерін паш етті.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<