Балалар жылында 4 жаңа мектеп ашылады

746

0

Балалар жылы аясында биыл өңірде 4 жаңа мектеп пен 2 апаттық жағдайдағы мектептер үшін жаңа ғимарат және бір балабақша ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар заманауи әдіспен жұмыс істейтін жаңа аутизм орталығы қолданысқа беріледі. Осы жылы 47 балабақша мен 28 мектепте инклюзивтік кабинеттер ашылып, оған арнайы мамандар қамтылмақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

Қазіргі уақытта балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары облыс әкімімен әзірленіп, бекітілді. Балалардың шығармашылық идеяларын іске асыру мақсатында 100-ден астам түрлі шара енгізілді. Сондай-ақ, балалар жылында қаламыздағы №264 мектеп-лицейінің жанынан оқушыларға арналған замануи обсерватория ашылды. Бұл өз кезегінде балалардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді. Қосымша білім берумен қамтамасыз ету мақсатында қалада 150 орындық қосымша білім беру орталығы, Қармақшы ауданында 150 орындық тыңығу лагері, Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі ашылады. Биыл техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1600 орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс беріліп, 3108-ге дейін көбейтіледі, – деді басқарма басшысы Ақзира Қасымова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<