Жуырда облыс көлемінде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы ұйымдастырылды. Кампания аясында Абылай хан атындағы №140 орта мектебі бірқатар шара өткізді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желі әлегінен орын алатын проблемаларды түсіндіруді мақсат еткен науқанда тақырыптық байқаулар ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтті. Сонымен қатар бірқатар түсіндірме материалдары, жадынамалар таратылып, оқушылар арасында дебат ойыны ұйымдастырылды. Ата-аналарға «Интернетке тәуелділіктің алдын алу мәселелері», «Балаларды қалай қорғауға болады?», «Ақпараттық коммуникациялық желілердегі бала қауіпсіздігі» тақырыптарына қатысты қажетті кеңестер берілді.
Расында, қазір ғаламтордың арқасында дүниенің түкпіріндегі маңызды оқиғаларды қалт жібермей қадағалайтын болдық. Бірақ, біз оның ұшан-теңіз пайдасынан гөрі зиянды тұсын да қаперге алуға тиіспіз. Әсіресе, балаларға келгенде осы дүниелерді ескере жүрген жөн.
А.ЕРНАЗАРОВА,
Қызылорда КПБ ЖПҚБ
ЮПб УПИ-ры
полиция майоры.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<